Жаңалықтар

Травматолог-ортопед дәрігер: Шетелге барып емделудің қажеті жоқ

Травматолог-ортопед дәрігер: Шетелге барып емделудің қажеті жоқ
Фото: Коллаж El.kz 16.06.2024 11:08 8503

Елімізде маусымның əр үшінші жексенбісі медицина қызметкерлерінің күні саналады. Жанымыз қысылып, денсаулығым сыр бергенде абзал жандардың көмегіне жүгінеміз. Осы ретте El.kz ақпарат агенттігінің тілшісі өз саласының білгірі травматолог-ортопед дәрігер Әнуарбек Құлшаровпен кездесіп, саланың мүмкіндіктері жайында әңгімелесіп қайтты.

Президент іс басқармасы Медициналық орталығының №3 хирургиялық бөлімшесінің травматолог-ортопед дәрігері Әнуарбек Құлшаровтың бұл салада жүргеніне 13 жылдан асып барады. Алғашқы еңбек жолын травматология ғылыми-зерттеу институтында бастаған ол 10 жыл қызмет етіп, артынша біраз тәжірибе жинайды.

Травматолог-ортопед дәрігер: Шетелге барып емделудің қажеті жоқ©El.kz/Арман Мухатов

Одан кейін осы ауруханаға жұмысқа орналастым. Бүгінде мұнда істеп жатқаныма үш жылдай болды. Травматология ғылыми-зерттеу институтында жүрген уақытта шұғыл көмек көрсететін бөлімшеде жұмыс істедім. Мұнда шұғыл маман керек деп естіп, талаптарға сай болғасын осында ауыстым. Бұл  орталықта шұғыл келетін және жоспарлы түрде түскен науқастарға көмек көрсетемін, – дейді дәрігер.

Біз науқасқа екпе егіп жатқан жерінен келіп қалдық. Суреттегі науқастың сұқ саусағының сіңірі қабынған болып шықты. Сол қабынған саусағына дәрігер екпе салып берді.

Травматолог-ортопед дәрігер: Шетелге барып емделудің қажеті жоқ

Травматолог-ортопед дәрігер: Шетелге барып емделудің қажеті жоқ©El.kz/Арман Мухатов

Бұл екпе гармонға қарсы әсер етсе, одан кейін саусақтың қимыл-қозғалысқа келуіне және тез арада қалыптасуына ықпал етеді. Сол себепті осындай екпені тағайындадық. Екпені жеті күнде немесе бес күнде бір рет алып отыру керек, – деді Әнуарбек.

Ал палатада жатқан бұл науқас жоспарлы түрде өте күрделі жағдаймен түсіпті. Сонау Түркістан облысынан келіпті.

Травматолог-ортопед дәрігер: Шетелге барып емделудің қажеті жоқ

Травматолог-ортопед дәрігер: Шетелге барып емделудің қажеті жоқ©El.kz/Арман Мухатов

Бұл науқаста донарлық бүйрек бар. Яғни, жалғыз ғана бүйрегі донорлық (күйеуінікі). Өзінің сау бүйрегі созылмалы гломерулонефритпен, пиелонефритпен ауырды. Сол себепті екі бүйрегі де солып қалып, күйеуінің бүйрегін алған еді. Бір жыл бойы диализге байланды. Диализде жүрген науқастардың көбісінің қанының құрамындағы кальцийі организмнен шығып кетеді. Науқас бізден кеңес алып, жоспарлы түрде ота жасатуға Түркістан облысынан келді. Осы жерге түскен кезде науқасқа ота жасаймыз ба, жоқ па деген бізде күмән болды. Отадан кейін бұл кісінің жағдайына алаңдадық, – дейді.

Осылайша дәрігерлер ақылдаса келе, ота жасауға шешім қабылдап, науқастан анализ алады.

Қазір ота жасағанымызға төрт күн болды. Науқас қазір қалыпты жағдайда. Бүйрегі жұмыс істеп тұр. Жағдайы жақсы, – деді травматолог-ортопед.

Травматолог-ортопедтің қызметі жарақаттан кейінгі немесе жүре пайда болған, жарақат алған науқастарды емдеп, аяққа тұрғызып, солардың қалыпты өмір сүруі мен жүріп кетуіне әрекет жасайды.

Травматолог-ортопед дәрігер: Шетелге барып емделудің қажеті жоқ©El.kz/Арман Мухатов

Травматолог-хирург – бұл өте жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі. Біз әрдайым өмір мен өлімнің ортасында жүреміз. Науқастар бізде әртүрлі жағдайда келіп түседі. Ауыр жарақаттармен де келуі мүмкін. Сол себепті қиындықтар да кездесіп жатады, – дейді травматолог-ортопед.

Дәрігердің бар мақсаты келіп түскен науқастарға қолдан келгенше көмек көрсетіп, олардың тезірек аяғына тұрып кетуі үшін әрекет жасау.

Травматолог-ортопед дәрігер: Шетелге барып емделудің қажеті жоқ©El.kz/Арман Мухатов

Олар сауығып, әріқарай өмір сүріп, бізге қайтып оралмаса екен деп тілейміз. Десе де, қиындықтар да болады. Мәселен науқастардың туыс-туғандары да жақындарына жаны ашып, бізге нешетүрлі сөздер айтатын кездері болады. Осының бәріне көніп, солармен бірге уайымдап мейілінше көмек көрсетеміз. Бірақ жұмыс жауапкершілікті талап ететіндіктен, бұл әрдайым олай бола бермейді, – дейді дәрігер.

Саланың жақсы жақтары да бар деп отыр. Науқастар ауруынан айығып, өз аяғымен тұрып, жүріп кеткен жағдайда немесе қол-аяғы қозғалып, олар жасаған операция сәтті өтсе мұндай науқастар ризашылығын білдіретін көрінеді.

Травматолог-ортопед дәрігер: Шетелге барып емделудің қажеті жоқ©El.kz/Арман Мухатов

Бұл бөлімге қатты ауыр жағдайда түсетін науқастар бірен-саран деп айтуға болады. Шұғыл көмек көрстетіндей жол-көлік апаттары тағы басқа жарақатпен аз түседі. Десе де, жақында екі және үш сүйегі сынған науқасқа ота жасадық. Бұл білек сүйегінің ашық сынығы және жамбас сүйегінің жабық сынығы болды. Жамбас сүйегіне протез қойып бердік, – дейді Әнуарбек.

Травматолог-ортопед болу үшін ол ЖОО-да 7 жыл, резидентурада үш жыл оқып, жалпы 10 жыл білім алғанын жеткізді.

Ең күрделі отаны мен басқа ауруханада жасадым. Бұл 4 жарым сағаттық ота болды. Яғни, жамбас сүйегі шытынап сынып кеткен. Сол жерде науқас көп қан жоғалтты, бірақ ол адамды аман алып қалып, аяғынан тұрғыздық. Қазірге дейін науқаспен хабарласамын, сөйлесіп, қарым-қатынас жасап тұрамыз, – дейді.

Бұл салада жүрген дәрігердердің көбісі ер адамдар екенін байқаймыз. Не себепті әйел дәрігерлер аз екенін сұрадық.

Сала төзімді, өте шыдамдылықты талап етеді. Сол себепті нәзік жандылар келе бермейді. Оларға күш керек. Ер адамдардың күші әйелдерге қарағанда көп. Сонымен қатар психологиялық тұрғыдан да өте қиын. Өйткені нешетүрлі жарақат пен сынықты көру оларға оңай емес. Теміржол апаттары кезінде адамның қол-аяғының үзіліп кететін жағдайлары да кездеседі. Соны көтеріп, әкелеу керек болады. Мұндайды көруге үлкен жүрек керек деп ойлаймын,  – дейді травматолог-ортопед дәрігер.

Бүгінде квота арқылы буынға ота жасатқызы келетін науқастар көп. Яғни, мемлекет ондай науқастарға арнайы квота береді. Осы жайында ауруханада қандай тетік барын сұрадық.

Біздің медициналық орталықта квота арқылы арнайы ота жасату бар.  Бүкіл өңірдің науқастарына квотамен ота жасай аламыз. Жамбас, тізе буын, күрделі сынықтармен де квота арқылы келіп ота жасататындар болады. Біз қазір иық пен шынтақ буынының эндопротезін енгізіп жатырмыз. Осы жылы сол бағытта жұмыс істейміз, – деді.

Бүгінде қарт адамдардың буындары қақсап ауырып жатады. Бұл жағдайда отасыз емдеудің қандай жолы барын сұрадық.

Травматолог-ортопед дәрігер: Шетелге барып емделудің қажеті жоқ©El.kz/Арман Мухатов

Әрине, мүмкіндігінше отасыз емдеген дұрыс. Бірақ артрозы үшінші, төртінші сатыда болса, онда ота жасап емдеген абзал. Бұл сатыға дейін жеткізбеудің амалдары көп. Мәселен дұрыс тамақтану, спортпен айналысу, бұлшықеттің жұмысына ықпал етеді. Дұрыс тамақтанудың ішінде артық салмақ та жатады. Артық салмақ буынға кері әсер етеді. Сол себепті бірінші кезекте тамақ гигиенасы және спортпен айналысу маңызды, – деді.

Күніне бұл бөлімге 5-6 науқас түседі екен. Сондай-ақ 7-8 науқасқа ота жасалатынын айтады.

Көбінесе науқастарды тізе және жамбастың артроздары мазалайды. Травматология саласында дәрілердің барлығы жеткілікті. Осы салаға қатысты шетелдік дәрінің бәрі елімізде бар. Сырт елге барып тәжірибе алмасып тұрамыз. Кеше Санкт-Петерборға барып келдік. Одан кейін Анкараға сапарладық. Ол жақтағы технологиялар біздің травматология саласымен бірдей екенін байқадық. Дәрі-дәрмектері де дәл сондай. Травматология жағынан шетелге барып емделудің еш қажеті жоқ. Елімізде толығымен емделуге барлық жағдай бар, – дейді травматолог-ортопед Әнуарбек Құлшаров.

Отандық медицина саласы көп жағдайда маркетинг жағынан зардап шегетінін айтады. Себебі реклама жоқ деп отыр.

Травматолог-ортопед дәрігер: Шетелге барып емделудің қажеті жоқ©El.kz/Арман Мухатов

Шыны керек, науқастың көбісі шетелге барып емделгісі келеді. Өйткені сырт елдің маркетингі жақсы дамыған. Сол жақтағы импланттар бізде де бар. Өкінішке қарай шетелдің медицинасына көп сенім артады, – дейді Әнуарбек Құлшаров.

Күні-түні тынбай жұмыс істейтін дәрігер жұбайының да медицина саласының маманы екенін айтты. Бүгінде екеуі екі қыз, бір ұл өсіріп отыр. Медициналық орталықтың №3 хирургиялық бөлімшесінде бес дәрігер жұмыс істейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға