Жаңалықтар

Трамвай-Музей

2012 жылы республика бойынша тұңғыш рет әдебиет және өнер қайраткерлерін жүргіншілерге насихаттайтын Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің 20 жылдығына орай «Трамвай–Музей» бағдарламасы іске асырылған.
05.06.2015 09:40 3980

Музей деп - тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды,  және асыл мұраларды  сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекемені айтамыз.

Трамвай-Музей

Мұражайдағы экспонаттарды таныстырып, оларды насихаттай отырып келер ұрпаққа тарихымыздың қаншалықты бай, қаншалықты қазыналы болғанын көрсете аламыз. Ондағы асыл құндылықтарды қызықты ете отырып таныстырса, ел жадында тез әрі ұмытылмастай болып сақталынып қалады. Мәселен,  осыны ескерген Павлодар қаласының әкімшілігі 2012 жылы республика бойынша тұңғыш рет әдебиет және өнер қайраткерлерін жүргіншілерге насихаттайтын Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің 20 жылдығына орай «Трамвай–Музей» бағдарламасын іске қосқан.

Трамвай-Музей

Осы жылдан бастап аталмыш трамвай вагонында музей ғимаратының сыртқы көрінісі салынып, «Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейіне 20 жыл» жобасы негізінде ай сайын жүргіншілер үшін  түрлі мерекелік, музыкалық, танымдық іс-шаралар өткізіледі. Жоспар бойынша «Трамвай-Музей» вагонында ай сайын арнайы жоспар бойынша екі іс-шара өткізілуде. Салонға ілінген түрлі танымдық ақпараттық Павлодар облысының әдебиет және мәдениет қайраткерлері туралы плакаттар, музей жұмысы туралы деректер мен музей қорлары туралы ақпараттар үнемі жаңартылып, алмастырылып отырады. Осы қайталанбас, таңғажайып «Трамвай–Музей» жобасы үшін Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі  Өскемен қаласында өткен өңірлік «Открытая Азия - Открытый Музей» ІІІ Орталық Азия фестивалінде «За смелость в продвижении музея» номинациясы бойынша марапатқа ие болған.

Трамвай-Музей

Музейдің имиджін көтеру мақсатында «Цитадель» жарнама фирмасының әкімшілігімен жасалған келісім негізінде жыл бойы қаланың шағын аудандарында (10-15 күн) музейдің баннері ілініп тұру үрдісі қолға алынған. Музей ірі сауда фирмаларымен қатар өз билблордына ие болған облыстағы тұңғыш мәдени мекеме болып саналады.Трамвай-Музей

 Бұқар жырау Қалқаманұлының 345 жылдығына  «Бақ- ырысы қазақтың Бұқар жырау», ұлы қазақ хандығының 550 -жылдығына «Тарихты білу – ұрпақ парызы» атты мерекелік-театрландырылған қойылымдар,  «Ұлылар үні» атты ескерткіштерге  поэзиялык маршрут, Павлодар қаласының сапаржайында (автовокзал) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Еркіндігім, қасиетім қастерлі!» атты театрландырылған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылған.

Трамвай-Музей

Трамвай-Музей

Трамвай-Музей

Қазақ хандығының 550 -жылдығына орай «Тарихты білу – ұрпақ парызы» атты шарадан көрініс 
Трамвай-Музей

Трамвай-Музей

Трамвай-Музей

«Еркіндігім, қасиетім қастерлі!» атты іс-шара

Трамвай-Музей

Трамвай-Музей

«Ұлылар үні» атты ескерткіштерге  поэзиялык маршрут

Алдағы уақыт еншісіне басқа да қызықты жобалар құрылып, мұражайдың мәртебесін асқақтату басты мақсаттары жоспарлану үстінде.

Мағзия Қайырбекқызы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға