Трамптың 60 миллион доллар тұратын гольф-клубына шабуыл жасалды

Шотландиядағы Trump Turnberry гольф-клубына палестиналық белсенділер шабуыл жасады. Олар ғимаратты бояп, газонға үлкен әріптермен «Газа сатылмайды» деген жазу қалдырған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Bild басылымының хабарлауынша, белсенділер гольф-клуб аумағындағы асфальтқа «Газаға еркіндік», «Палестинаға азаттық» сияқты ұрандарды жазып кеткен. Сондай-ақ, АҚШ президентіне бағытталған қорлайтын сөздер де кездеседі. Бұл әрекетті Palestine Action ұйымы ұйымдастырған. Олар АҚШ-тың Газадағы қақтығысқа қатысты саясатына наразылық білдіріп келеді.
Трамп Газаны өз меншігі ретінде басқара аламын деп ойлайды. Біз оған оның меншігі де қауіпсіз емес екенін көрсеттік, — деп мәлімдеді.
Дональд Трамп бұл гольф-клубты 2014 жылы 60 миллион долларға сатып алған.
Шабуыл жасалардан бұрын АҚШ әкімшілігі ХАМАС-пен тікелей келіссөздер жүргізгені белгілі болды. Ақ үй дипломаттары «кез келген адаммен сөйлесуге құқылы» екенін атап өткен.
