Жаңалықтар

Трамп Зеленскиймен кездесу барысында не айтты

Трамп Зеленскиймен кездесу барысында не айтты
Фото: Видеодан алынған кадр 28.02.2025 23:10 312

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский Ақ үйде келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

CNN мәліметтері бойынша, Зеленский Ақ үйге АҚШ-пен сирек кездесетін пайдалы қазбалар бойынша келісім жасауға келген.

Әділ мәміле жасаймыз және сирек кездесетін металдардың бір бөлігін аламыз деп үміттенеміз. Біз сіздермен ынтымақтастықты ерекше бағалаймыз, - деді Трамп.

Оның айтуынша, АҚШ бұл ресурстарды қорғаныс пен технологияның, соның ішінде жасанды интеллект қажеттіліктері үшін пайдаланады.

Трамп Зеленскиймен кездесуде Украина төңірегіндегі қақтығысты тоқтататын уақыт келгенін айтып, Ресей де осыны қалайтынын алға тартты.

Біз орыстармен келіссөздер жүргіздік, мен президент Путинмен сөйлестім. Біз мұны аяқтауға тырысамыз. Сіз қалап отырған дүниені ол да қалайды. Біз келісімге келуіміз керек, - деді АҚШ президенті.

Ақ үй басшысы Вашингтон Украинадағы қақтығыстың аяқталуына мүдделі екенін қоса кетті.

Соғыстың аяқталуын асыға күтеміз. Мен мұны ең алдымен адам өмірін сақтау үшін жасаймын... Екіншіден, бұл ақша үнемдеу үшін қажет, бірақ адам өмірі ақшадан әлдеқайда маңызды, - деді Трамп.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға