Трамп трансгендер спортшыларға әйелдер жарысына қатысуға тыйым салды
АҚШ президенті Дональд Трамп еркек болып дүниеге келген трансгендерлерге әйелдер арасындағы спорттық жарыстарға қатысуға тыйым салатын жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақ үйдегі қол қою рәсімінде Трамп өзінің сайлауалды уәделерінің бірін орындайтынын мәлімдеді.
Естеріңізде болса, ұлықтау рәсіміндегі сөзінде Трамп тек екі биологиялық жыныс бар екенін атап өтті: «еркек» мен «әйел» және оның әкімшілігі басқа анықтамаларды мойындамайтынын алға тартты. Ол сондай-ақ трансгендер спортшыларға әйелдер спортында орын жоқ екенін айтқан.
Былтыр Париж Олимпиадасында ер боксшының жойқын соққымен қарсыласын 46 секундта жеңіп, алтын медаль ұрлағанын қалай ұмытуға болады? Бүгін соған нүкте қоямыз, өйткені осы жарлық арқылы әйелдер спортына қарсы соғыс аяқталды, - деді ол.
Сондай-ақ құжатта федералды қаржыландыру алатын білім беру мекемелері трансгендерлік спортшыларға әйелдер жарыстарына қатысуға тыйым салуға міндетті болады. Әйтпесе олар қаржыландырудан айырылуы мүмкін.