Трамп Ресейге жаңа санкциялар салмақ

Фото: ©El.kz
Фото: ©El.kz
08.03.2025 12:01
103
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы санкциялар күшеюі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы америкалық Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.
Ресейдің қазіргі уақытта Украинаға қарсы соғыста басымдыққа ие болып отырғанын ескере отырып, мен ауқымды банк санкцияларын, басқа да шектеулер мен тарифтерді енгізуді қарастырып жатырмын. Бұл тек атысты тоқтатып, түпкілікті бейбіт келісімге қол жеткізілгенге дейін жалғасады, – деп ескертті Трамп.
Сонымен қатар, президент Мәскеу мен Киевті келіссөздер үстеліне “дереу, тым кеш болмай тұрғанда” отыруға шақырды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Гүл таңдай білесіз бе?
Келесі жаңалық
Елордада алты құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды