Жаңалықтар

Тойға кредит беруге тыйым салған дұрыс па? Агенттік жауап берді

Тойға кредит беруге тыйым салған дұрыс па? Агенттік жауап берді
Фото: © Pixabay.com 18.05.2023 15:21 720

Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов тілшілердің тойға несие алуға тыйым салу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Журналистер осы күні қазақстандықтар арасында тойға кредит алатындар аз еместігін айтып өтті. Амал жоқ, ата-аналары төлейді, немесе жастардың өздері қарызға батып, қаржылай қиындыққа тап болып жатады.
 
Мемлекет банктердің ішкі жұмысына араласа алмайды. Тойға несие беруге де тыйым салу мүмкін емес.Тойға кредит беруге тыйым салу – банктің ішкі қызметіне араласу деген сөз. Біз қандай да бір кредит түрлерін беруге тыйым сала алмаймыз. Адамның бұрынғы қарызы болып, тағы кредит алуға барса, ол жағынан шектеу қоюға болады. Ал нақты кредит беруге тыйым салуға заң бойынша құқығымыз жоқ. Бұл – банктің ішкі саясаты. Біз оған араласа алмаймыз, - деді Олжас Қизатов.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға