TOU студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойында үздік атанды

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі
19.05.2024 11:48
673
Павлодар қаласындағы С.Торайғыров университетінің командасы «Антипаракрафт-2024» республикалық квест ойынында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Зияткерлік ойын жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен адамгершілік қағидаттарын қалыптастыру мақсатында өткізілді. Ойын түріндегі шараға отандық жоғары оқу орындарының 20 студенттік командасы қатысты.
«Антикор LAB» TОU командасы жарысқа жоғары оқу орнының комплаенс қызметінің қатысуымен дайындалды. Квест финалы Көкшетау қаласында Уәлиханов университетінің базасында өтті.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Елімізде туу көрсеткіші ең жоғары өңір анықталды