Жаңалықтар

Төтеншеліктер Теміртаудағы жарылыстың болжамды себебін айтты

Төтеншеліктер Теміртаудағы жарылыстың болжамды себебін айтты
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 15.02.2024 19:00 863

Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Теміртаудағы газ жарылысының алдын ала болжамды себебін айтты. Апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомствоның соңғы мәліметі бойынша, қоқыстарды тазалау жалғасуда. Үйіндінің 90 пайызы тазартылды. Бірінші қабат деңгейінде гараж орналасқан бөлігінде автокөліктер табылған. Олардың бірінде газ жабдығы болған деген болжам бар. Сауалнама нәтижесінде 1993 жылы туған жәбірленуші дүкенге кіріп, шақпақ сатып алғаны және тексеру мақсатында тұтатқаны анықталды. Осы кезде 2-3 секунд ішінде жарылыс дауысы естіліп, құрылыстар қираған.

Осыған байланысты газ-ауа қоспасының жарылу нұсқасы қарастырылады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда. Қылмыстық кодекстің 292-бабының 2-бөлігімен (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу) қылмыстық іс қозғалды делінген департамент мәліметінде.

Еске салсақ, бүгін таңғы уақытта Теміртаудағы дүкенде газ жарылысы болды. Ғимарат өртке оранып, опырылған.  

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға