Жаңалықтар

Төтеншеліктер қар құрсауынан 10 көлікті шығарды

Төтеншеліктер қар құрсауынан 10 көлікті шығарды
Фото: Видеодан кадр 11.03.2025 01:30 102

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше көлік қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Құтқарушылар 10 автокөлікті қар үйінділерінен жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарып, жақын маңдағы елдімекендерге дейін сүйемелдеді. Көліктердің ішінде 33 жолаушы, оның ішінде 5 бала болған. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ мәліметінше, құтқару жұмыстары Қостанай облысының Жангелді, Науырзым аудандарында және Арқалық қаласының маңында, сондай-ақ Қарағанды облысының Нұра, Абай аудандарында жүргізілді.

Ведомство жүргізушілерге дауылды  ескерту алған кезде сапарларын кейінге қалдыруға кеңес береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға