Жаңалықтар

Төтеншеліктер екі өңірде жарылыстың алдын алды

Төтеншеліктер екі өңірде жарылыстың алдын алды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 25.01.2025 22:41 451

Павлодар мен Абай облыстарында жеке тұрғын үйлерде өрт шықты. Оқиға соңы қайғылы жағдайға ұласа жаздады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Атап айтқанда, Павлодар облысы Екібастұз қаласында Шідерті көшесі бойында орналасқан жеке тұғрын үйде өрт шықты. Қызыл жалын аумағы - 25 шаршы метр. Ал екінші жағдай Абай облысында тіркелді. Облыс орталығы Семей қаласындағы Ф.Достоевский көшесінде жеке тұрғын үй жанып, өрт 15 шаршы метрді шарпыды.

Төтеншеліктер екі үйден дер кезінде 6 газ баллонын қауіпсіз аймаққа алып шықты. 

Өрттер  сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға