Төрт құрлық чемпионаты: Софья Самоделкина қысқа бағдарламада үздік ондыққа кірді

Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz
21.02.2025 23:44
255
Сеулде (Оңтүстік Корея) төрт құрлық чемпионаты аясында әйелдер арасындағы қысқа бағдарлама өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҰОК мәліметінше, бұл турнирде Қазақстанның намысын Софья Самоделкина мен София Фарафонова қорғады.
Самоделкина 63,98 ұпай жинап, уақытша сегізінші орынға жайғасты. Ал Фарафонова 42,02 ұпаймен 19-орынға ие болды.
Қысқа бағдарламада бірінші орынды 74,02 ұпаймен оңтүстіккореялық Ким Чхэ Ён иеленді.
Айта кетейік, еркін бағдарлама 23 ақпанда өтеді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақ әдебиеті қара жамылды: Дулат Исабеков өмірден өтті
Келесі жаңалық
Павлодарлық әнші Қытайдың опера сахнасын бағындырмақ