Жаңалықтар

Төрт өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктер тұман түсіп, бұрқасын соғады деп болжады
Төрт өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: egemen.kz 20.03.2023 09:10 718

Еліміздің 4 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

20 наурызда Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысының шығысында түнде жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі деп күтілуде. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстікте оңтүстік-батысқа ауысып, облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман түседі. Оңтүстік-батыс, солтүстік-шығыс, облыстың таулы аймақтарында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні секундына 23 метрге жетуі мүмкін.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавлда 20 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз секундына 15-20 метрді құрайды деп болжанды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға