Төрт айда өңдеу өнеркәсібі саласының өндірісі 105,2%-ға өсті
Фото: Қостанай облысы әкімдігі
Фото: Қостанай облысы әкімдігі
28.05.2024 11:00
500
Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев өңдеу өнеркәсібі өсудің оң динамикасын көрсетіп келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министр 2024 жылғы 4 айдың көрсеткіші бойынша өндіріс көлемі 7,1 трлн теңгені құрап, 5,6 млрд доллар болатын өңдеу өнеркәсібі тауарлары экспортталғанын айтты. Сала өсімі 105,2% құраған.
Металлургия өнеркәсібінде өсім 5,1% құрап, 1 млн тонна шойын, 1,3 млн тонна болат, 834 мың тонна тегіс прокат, 87,4 мың тонна алюминий, 89 мың тонна мырыш және 159,8 мың тоннадай мыс өндірілді, – деді Шарлапаев.
Сондай-ақ министр биыл металлургия саласында инвестиция көлемі 464,2 млрд теңгені құрайтын және 4,700 астам жұмыс орнын ашатын 21 жобаны іске асыру жоспарлануда екенін тілге тиек етті.
Олардың ішінде Қарағанды облысындағы «Тэмпо Қазақстан» болат құбырларын өндіру зауыты және Шымкент қаласындағы «QazAlPack» алюминий қаптамасын шығару кешенін ұлғайту жобалары бар, – деді министр.
Қанат Шарлапаев жалпы ауданы 8 өңірде 200 мың шпршв метр болатын шағын өнеркәсіптік аймақ құру жоспарланып жатқанын тілге тиек етті. Олардың құрылысына 30 млрд теңге бөлінген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әлемдегі ең ұзақ уақыт қызмет еткен стюардесса қайтыс болды
Келесі жаңалық
Астанада шаңғы маусымы ресми түрде басталды