Төрехан Сабырхан «Странджа» турнирінің ең үздік боксшысы атанды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
03.03.2025 01:40
11028
Қазақстан құрамасының спортшысы Төрехан Сабырхан «Странджа» турнирінің ең үздік боксшысы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Болгарияда 1 аптаға жалғасқан халықаралық турнирдің қорытындысы бойынша 19 жастағы Төрехан Сабырхан ең үздік деп танылды.
Айта кетейік, бұған дейін бұл турнирде бірде-бір боксшымыз бұл атаққа қол жеткізбеген.
Еске салсақ, «Странджа кубогы» халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы үздік команда атанып, отандық рекордты жаңартқаны туралы жаздық. Спортшыларымыз 5 алтын, 9 күміс, 4 қолаға ие болды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ақтөбеде 6 көлік қар құрсауында қалды
Келесі жаңалық
ШҚО-да әуежай салу кезінде зақым келген жол қайта жөнделеді