Жаңалықтар

Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қозғалды
16.06.2023 18:11 16189

Алматы қалалық Полиция департаменті Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әншіге қатысты Қылмыстық кодекстің 378-бабы, яғни билік өкілін қорлағаны үшін қылмыстық іс қозғалған. 

Енді ол 80 айлық есептік көрсеткіш есебінде айыппұл төлеп немесе 80 сағатқа дейін не 20 тәулікке қамалуы мүмкін.

Бұған дейін Алматы қалалық соты танымал әнші Төреғали Төреәлі қатысты шешімді шығарғанын жазғанбыз. Ол есірткіге мас күйінге ұсталғанына байланысты 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік айдау құқығынан айырылды. 

Ал бүгін оның ауруханаға жеткізілгені белгілі болды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға