Жаңалықтар

Төреғали Төреәлі 20 тәулікке қамауға алынды

Төреғали Төреәлі 20 тәулікке қамауға алынды
Фото: instagram.com/toregalitoreali 14.06.2023 23:27 23447

Алматы қалалық соты танымал әнші Төреғали Төреәлі қатысты шешімді шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол есірткіге мас күйінге ұсталғанына байланысты 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік айдау құқығынан айырылды. 

«Алматы қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында көлік құралдарына зақым келтіруге әкеп соққан есірткіге мас күйінде көлік құралын басқару фактісі бойынша азамат А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Сот 2023 жылдың 14 маусымында А. мас күйінде көлік жүргізіп, патрульдік көлікке шабуыл жасағанын анықтады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөліктер механикалық зақым алған»,- делінген хабарламада. 

Сот отырысында құқық бұзушы іс материалдарында баяндалған фактілерді растады және өкінетінін айтты.

«Сот қаулысы бойынша А. ӘҚКо 608-б, 3-б көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оны 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, оған 20 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды»,- делінген хабарламада.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға