Жаңалықтар

Төреғали Төреәлі 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

Төреғали Төреәлі 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды
Фото: instagram.com/toregalitoreali 04.07.2023 10:20 1141

Танымал әнші Төреғали Төреәлі Алматыда жол ережесін бұзғаны үшін тағы жазаға тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әртіс жол таңбасының қос тұтас сызығы арқылы бұрылып, полиция қызметкерінің талабына бағынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оқи отырыңыз:

Алматының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен А.-ға қатысты (Төреғали Төреәлі) әкімшілік іс қаралды. Сот А.-ның 14 маусымда Алматы көшелерімен жүріп келе жатып, жол таңбасының қос тұтас сызығы арқылы бұрылыс жасап, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағанын анықтады.

Сот отырысында А. іс материалдарында баяндалған фактілерді растады.

Сот қаулысымен А. ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігінде "жол таңбасының қос тұтас сызығы арқылы бұрылу" және ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігінде "полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбау" бойыншы көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылды, - делінген сот материалында.

Сот орындаушыны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алып, 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға