TOR – онлайн анонимділікті қамтамасыз ететін бағдарлама!
Tor бағдарламасы анонимділікті қалай қамтамасыз етеді?
Tor желісін пайдаланушы желілік ресурстармен проксилердің жиынтығы арқасында бірігеді. Олар тізбектеліп отырады. Жеке-жеке тізбектегі құрылғылар пайдаланушының IP-мекенжайлары мен ресурстарды сақтамайды.
Неге Tor-дың белгісінде пияз белгіленген?
Tor желісінің бағдарламалары хабарламаларды шифрлап, бірнеше желілер арқылы жіберіледі, оны «пияз» маршрутизаторлары деп аталады. Қосылып тұрған желі тек шығарушы түйінді біледі.
Tor-ды кім жасады?
АҚШ Әскери-теңіздік Зерттеу лабораториясында DARPA-мен бірлесіп жасаған. Жұмыстарды Пол Сиверсон жүргізген. Кейбір деректер бойынша технология тиімді дамыту үшін, құпиялықтан шығарып, тәуелсіз дамытушылардың кодты өңдеуіне рұқсат берілген. 2002 жылы тұтынушы-серверлік нұсқасы жасақталды. Ашық пайдалануға беріліп, кез келген пайдаланушы оның багтарын тексеруіне болатын
Tor-ды кім қаржыландырады?
2012 жылы Torproject.org сайтында жарияланған құжаттарға сәйкес технологияның негізгі демеушісі АҚШ-тың Қарулы күштер министрлігі. Бір жыл ішінде министрлік $876 мың жұмсаған. Сонымен қатар жобаны АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті мен Ұлттық ғылми қор да қаржыландырады. 2012 жылы жобаның қаржы көлемі $1.2 млн құрады. 2014 жылы сайтта жоғарыда аталған ұйымдардан басқа, Google, Ford, «Азия азаттық» және Стэнфорд университеті қаржыландырады.
Tor-ды кім пайдаланады?
Желін пайдаланушылар саны 2 млн адамнан асады. Олардың 13 пайызы АҚШ-тан, 8.7 пайыз – Германия, 6.25 – Франция, 5.7 – Бразилия, 5.5. – Ресей. Бұл желі тек байланыстарды емес, серверлерді де жасырып ала алады. Осының арқасында .onion жоғарғы деңгейлі домендік атауды пайдаланады. Сонымен қатар, жасырын сайттар заңсыз әрекеттер үшін де пайдаланылады. Сервисті өз ақпараттарын сақтағысы келетіндер, цензураны айналып өту, керекті деректерді жасырын бергісі келетін азаматтар пайдаланады. Журналистер өздеріне төнуі мүмкін қауіптерден сақтана алады, анонимді дереккөздерден ақпарат жинаудың тиімді құралы.
Tor 100% қорғай ала ма?
Аталған желі толық қорғай алмайды. Ол тек пайдаланушы мен сервер арасындағы байланысты жасырады. Бірақ жіберілетін деректердің барлығы қорғау астында болмайды. Толық жасырыну үшін шифрлеуші басқа да технологияларды пайдалану керек. Бағдарлама вирустар мен басқа да зиянды бағдарламалардан компьютерді қорғай алмайды.