Жаңалықтар

Тоқтарбек Айдарбек сурдо дзюдодан әлем чемпионы атанды

Тоқтарбек Айдарбек сурдо дзюдодан әлем чемпионы атанды
Фото: ҚР дзюдо федерациясы 13.04.2024 22:06 1073

Қазақстандық спортшы Түркістанда сурдо дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол финалда Оңтүстік Кореялық Джунгму Янгты уақытынан бұрын иппон ұпайымен ұтты. Жартылай финалда отандасымыз жапониялық Томоко Такахашиден басым түскен болатын. 

Жарыстың екінші күнінде Қазақстан қоржыны 1 алтын, 3 күміс және 3 қола жүлдемен толықты. Ерлер арасында Айдос Түгелбаев (-90 кг) күміспен күптелсе, әйелдер арасында Анна Краморова (-78 кг) мен Екатерина Чебышева (+78 кг) күміс жүлдеге ие болды. Ал Анастасия Тимошенкова (-70 кг), Еркебұлан Қанафин (-81 кг) және Сабыржан Хапизов (+100 кг) ел қордынына үш қола жүлдені сыйлады.

Айта кетерлігі, сурдо дзюдошылар әлем чемпионатының алғашқы күнінде 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алған болатын. Осылайша, Қазақстан сурдо дзюдо құрамасы әлем чемионатының жекелей жарысын 3 алтын, 6 күміс және 4 қола жүлдемен медаль жалпыкомандалық кестесінде ІІ орынмен аяқтады.

Әлем біріншілігіне 24 елден 300-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Жарыстың соңғы күніне командалық чемпионат жоспарланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға