Жаңалықтар

Тоқаевтың тапсырмасын орындауда мүдделі топтардың саботажы болды - депутат

Тоқаевтың тапсырмасын орындауда мүдделі топтардың саботажы болды - депутат
Фото: t.me/mazhilis_kz 24.05.2023 11:58 1085

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи отырыста талқылауға ұсынылған заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасының әу баста қойылып отырған тақырыбы ауқымыды емес екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутат елдің және мемлекеттің, халықтың алдында тұрған активтерді қайтару туралы мәселені толық қамтитындай көлемді емес деген пікір білдірді. 

Бұл заң көмегімен қазір біздің тергеу, заң органдары шетелге, Еуропа, батыс елдеріне, оффшор компанияларға, халықаралық трансұлттық компанияларға, банктерге шығу керек. Ал заң тақырыбы – заңсыз сатылып алынған активтер. Президент Тоқаевтың 26 қарашада үкіметке берген тапсырмасында «заңсыз шығарылған активтерді мемлекет қайтару» туралы айтылған. Ал бұл жерде заңсыз сатылып алынған активтер деп тұр, – деді Ермұрат Бәпи.

Яғни, мәжілсмен алдағы уақытта талқылау барысында осы заңның аталу тақырыбын ауқымды қылу қажеттігін айтты. 

Президент айтқан тапсырма бойынша заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөнінде болу керек. Осы Тоқаевтың тапсырмасын орындауда тағы да мүдделі топтардың саботажы болды деп ойлаймын. Егер заңға осындай амалмен келер болсақ, президент саясатына "провал" жасаймыз, - деді ол. 

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутаттың ұсынысы назарға алынғанын, бірақ талқылап жатпағанын тек регламент бойынша мәселені жұмысқа алып отырғанын айтты. Алдағы уақытта жұмыс тобы және комитет құрылғасын осы ұсынысты білдіруін сұрады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға