Жаңалықтар

Тоқаевқа жол қозғалысын интеллектуалды тұрғыда ұйымдастыруға арналған үстел таныстырылды

Тоқаевқа жол қозғалысын интеллектуалды тұрғыда ұйымдастыруға арналған үстел таныстырылды
Фото: Ақорда 26.02.2024 16:18 658

Мемлекет басшысы жол қозғалысын интеллектуалды тұрғыда ұйымдастыруға арналған SMART-үстелмен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Президентке гибридті автомобильдерді, электромобильдерді және оларды қуаттау принциптерін үйренуге арналған оқу стендтері көрсетілді.

Елімізде «Лу Бань шеберханаларын» ашу бастамасын былтыр мамыр айында Сианьда өткен «Орталық Азия – Қытай» саммитінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин көтерген болатын.

Тоқаевқа жол қозғалысын интеллектуалды тұрғыда ұйымдастыруға арналған үстел таныстырылды

Университет мақсаттарының бірі – осы «Лу Бань шеберханасы» базасында отандық автомобиль құрастыру өнеркәсібі үшін жоғары білікті техникалық және инженерлік кадрларды даярлау.

Орталықты аралап көрген Президент студенттермен әңгімелесіп, оларға табыс тіледі. Сондай-ақ экономиканы дамыту үшін елімізде «Лу Бань шеберханасы» сияқты орталықтардың санын көбейту маңызды екенін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға