Тоқаев зардап шеккен өңірлердің біріне жұмыс сапарымен барады

Фото: t.me/aqorda_resmi
Фото: t.me/aqorda_resmi
02.04.2024 11:24
690
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен облыстардың біріне барып, халықпен кездеседі. Бұл туралы ҚР президентінің кеңесшісі – президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 4 сәуір күні су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне жұмыс сапарымен барады. Сапар туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланады, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысын өткізген еді.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды