Тоқаев Үндістан премьер-министріне Республика күніне орай құттықтау жолдады

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
27.01.2025 15:01
453
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге Республика күніне орай құттықтау жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы Үндістанның демократиялық дамуындағы елеулі прогресс пен әлеуметтік-экономикалық, сондай-ақ технологиялық салалардағы жетістіктерін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модиге достас Үндістан халқының игілігі мен өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Президент берік достық байланыстар мен стратегиялық серіктестікке негізделген қазақ-үнді қатынастарының ерекше сипатына назар аударып, екі елдің жан-жақты ынтымақтастығы одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Испаниядағы турнирге елімізден қандай боксшылар қатысады
Келесі жаңалық
«Серпер» ұлттық өнер байқауына өтінімдер қабылдау басталды