Тоқаев Үкіметтің қосымша құн салығын көтеру туралы ұсынысын қолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің қосымша құн салығының мөлшерлемесін арттыру туралы ұсынысын қолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жаңа салық реформасын таныстырды. Реформаға сәйкес, қосымша құн салығының мөлшерін 20%-ға дейін арттыру ұсынылды.
Мемлекет басшысы ұсынысты қолдайтынын айтты.
Жұмысты жалғастырыңыздар. Мен бұл реформаның қажет екенін тағы да атап өткім келеді. Бірақ қазір біздің алдымызда тұрған басты міндет – Ұлттық қордан берілетін трансферттерді азайту және оның жинақтау функциясын күшейту. Жинақталған қаражатты ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бағыттау керек. Осылайша, біз мемлекеттің даму функциясын нығайтамыз. Дегенмен бұл мәселені мұқият пысықтауымыз қажет деп есептеймін, – деді Тоқаев.
Президент елімізде экономиканы әртараптандыру мәселесі әлі де толық шешілмегенін, оның әлі күнге дейін Ұлттық қорға тәуелді екенін атап өтті.
Айта кетейік, вице-премьердің айтуынша, қосымша құн салығын арттыру бюджетке жыл сайын шамамен 5-7 трлн теңге көлемінде қаржы әкеліп әкеліп, даму бюджетін 20%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.