Жаңалықтар

Тоқаев Үкіметке Абай облысындағы өртті сөндіруге қолда бар техниканы жұмылдыруды тапсырды

Тоқаев Үкіметке Абай облысындағы өртті сөндіруге қолда бар техниканы жұмылдыруды тапсырды
Фото: ҚР ТЖМ 09.06.2023 23:38 1141

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Абай облысындағы өртті сөндіру, сондай-ақ апат ауқымының кеңеюіне жол бермеу және азаматтар мен олардың мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолда бар барлық техникалық және адами ресурстарды жұмылдыруды тапсырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Өртті сөндіруге Қорғаныс министрлігінің бөлімшелері тартылды. 

Абай облысындағы алапат өртке байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11-13 маусым күндері Вьетнамға жоспарланған ресми сапары кейінге шегерілді.

Президент шұғыл кеңес өткізу және апаттан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету шараларын қабылдау үшін Абай облысына баруды жоспарлап отыр.

Бұған дейін орман шаруашылығының үш қызметкері қаза тауып, тағы 11 қызметкер іздестіріліп жатқанын хабарлағанбыз. Сонымен қатар Орман шаруашылығы комитеті қызыл жалын шарпыған аумақ 30 мың гектарды құрайтынын мәлімдеді. Өртпен күреске 600-ден астам жұмылдырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға