Жаңалықтар

Тоқаев Түркияға қосымша гуманитарлық көмек жіберуге тапсырма берді

Бұл туралы Ақорда мәлім етті
Тоқаев Түркияға қосымша гуманитарлық көмек жіберуге тапсырма берді
Фото: Ақорда 14.02.2023 13:18 1506

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек жіберу жөнінде Үкіметке тапсырма берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жер сілкінісі болған аудандардағы зардап шеккендерге көмек көрсету үшін шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да ең қажетті заттар жіберіледі.

Айта кетейік, Президент тапсырмасымен Қазақстан үкіметі Түркияға гуманитарлық көмек ретінде $1 млн бөлген болатын.

Сондай-ақ 13 ақпандағы жағдай бойынша өңірлерде 115 тонна гуманитарлық көмек жиналды, оның 75 тоннасы Түркияға жіберілді, Халық арасынан 32 млн теңге жиналып, тікелей Afad қорына аударылды.

Бұған қоса, қазақстандықтар 114 ұлттық киіз үй жөнелтті.

Қазақстандық құтқарушылар Түркияда тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, Түркияда жойқын зілзаладан қаза болған қазақстандық  Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтің денесі табылғандығын хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш қаласында құтқару-іздестіру жұмысы барысында әйелдің денесі табылды. Ал аман табылған Жер сілкінісінен аман қалған Сабина Мамадьярова ем алып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға