Тоқаев Түркия ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмушты қабылдады
Фото: t.me/aqorda_resmi
Фото: t.me/aqorda_resmi
20.05.2024 13:00
567
Кездесуде Қазақстан мен Түркияның кеңейтілген стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы парламенттік дипломатияның әлеуетін жоғары бағалайтынын атап өтіп, Түркия Ұлттық Мәжілісі төрағасының Қазақстанға сапарының мәні зор екеніне назар аударды.
Бүгінгі кездесу Достық және ынтымақтастық туралы келісімнің 30 жылдығы қарсаңында өтіп жатыр. Мұның символдық мәні бар. Жақында ғана әріптесім Режеп беймен телефон арқылы сөйлестім. Біз үнемі хабарласып отырамыз. Сондықтан екі ел арасындағы диалог өте жақсы дамып келе жатыр. Жалпы, Түркия – Қазақстанның ең ірі бес сауда серіктесінің бірі. Сонымен қатар басты 10 инвестордың қатарына кіреді. Былтыр екіжақты сауда-саттық көлемі 6 миллиард долларға жетті. Бірақ мұнымен тоқтап қалуға болмайды. Қарым-қатынасымыздың әлеуеті өте зор. Сондықтан келешекте өзара сауда айналымы 10 миллиард долларға жететініне ешқандай күмәніміз жоқ, – деді Президент.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Алматы полициясы түнгі қарақшыларды ұстады