Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады

Фото: Akorda.kz
Фото: Akorda.kz
03.07.2023 15:48
758
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 4 шілде күні Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына бейнеконференция форматында қатысады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Жиын қорытындысы бойынша Нью-Дели декларациясына және басқа да бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.
Бөлісу:
