Тоқаев Шавкат Мирзиёевті «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Фото: Akorda.kz
Фото: Akorda.kz
08.08.2024 14:03
491
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті «Алтын Қыран» орденімен марапаттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өзбекстан басшысы елдеріміз арасындағы достық пен қарым-қатынасты дамытуға зор үлес қосты. Осыны ескере отырып, мен Шавкат Мирзиёевке мемлекеттің ең жоғары марапаты «Алтын Қыран» орденін беруді ұйғардым, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан президенті бұл бүкіл халықтың ерекше құрмет белгісі екенін атап өтті.
«Алтын Қыран» – Қазақстан Республикасының ең жоғары дәрежедегі ерекшелік белгісі.
Бөлісу:
