Тоқаев Сербия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
15.02.2025 12:31
539
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Президенті жеделхатында Сербияны Балқан түбегіндегі дамуы тұрақты, инфрақұрылымы өркендеген әрі мәдени мұрасы бай ел ретінде атап өтті. Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Александр Вучичке жылы лебізін жеткізіп, серб халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестігін білдірді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Өскеменде 20 отбасына пәтер кілті табысталды