Тоқаев Ресей үкіметі төрағасының орынбасарын қабылдады

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
25.02.2025 13:02
1405
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новакты қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қарастырылды.
Президент Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қарым-қатынасы достық, тату көршілік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын айтты.
Александр Новак Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей Президенті Владимир Путиннің сәлемін жеткізіп, елдеріміз арасындағы диалог пен ықпалдастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтті.
Кездесуде энергетика саласындағы өзара ықпалдастық мәселесі талқыланды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Шахтадағы апат: бірқатар басшыға сот үкімі шықты