Тоқаев Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Фото: Akorda.kz
Фото: Akorda.kz
24.06.2023 17:50
1180
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ақорданың мәліметінше, РФ Президенті Владимир Путин елдегі ахуал жөнінде мәлімет берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазір болып жатқан оқиға Ресейдің ішкі мәселесі екенін атап өтті. Конституциялық тәртіп пен заң үстемдігі – елдегі құқықтық тәртіпті сақтаудың басты шарты. Бұл – қоғамның қауіпсіздігі мен оның табысты дамуының негізі.
Владимир Путин Ресей Федерациясындағы қалыптасқан жағдайға Қазақстанның түсіністік танытқаны үшін алғыс айтты.
Бөлісу:
