Жаңалықтар

Тоқаев Қырғыз Республикасының Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев Қырғыз Республикасының Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорда 16.12.2022 14:26 1107

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, елімізге бейбітшілік пен бақ-береке тіледі. Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентіне құттықтағаны үшін ризашылығын білдіріп, бауырлас қырғыз елімен көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамуына көңілі толатынын атап өтті. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға