Жаңалықтар

Тоқаев қол қойды. Жер телімдері жаңа әдіспен беріледі

Тоқаев қол қойды. Жер телімдері жаңа әдіспен беріледі
Фото: gov.kz 05.04.2023 19:53 1610

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрлық форматқа көшіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Заңда жер, құқықтық, қала құрылысы және басқа да кадастрлардың мәліметтері қамтылатын қоғамдық кадастрлық карта жасау қарастырылған.

Заңға сәйкес жер телімдерін беру екі жолмен реттелді:

  • электрондық форматта тікелей ұсыну арқылы;
  • сауда-саттық арқылы.

Сондай-ақ жер учаскелерінің, жылжымайтын мүліктің сандық және сапалық сипаттамаларын, сондай-ақ олардың иелері туралы мәліметтерді көрсететін мемлекеттік жер және құқықтық кадастрларды біріктіретін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры енгізіледі. Бұл жерге құқық беруді автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға