Жаңалықтар

Тоқаев: Қазақстан төрағалық еткенде ҰҚШҰ-ның алдындағы міндеттердің бәрі орындалды

Тоқаев: Қазақстан төрағалық еткенде ҰҚШҰ-ның алдындағы міндеттердің бәрі орындалды
Фото: Ақорда 28.11.2024 14:43 124

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҰҚШҰ саммиті өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы ең алдымен отырысқа қатысуға келген әріптестеріне алғысын айтты.

Тұтастай алғанда, Қазақстан ұйымға төрағалық еткен кезеңде ҰҚШҰ-ның алдында тұрған барлық міндеттер орындалды. Басым бағыттарды іске асыруда көрсеткен қолдауларыңыз үшін және бірлескен жемісті жұмыстарыңыз үшін үлкен ризашылығымызды білдіремін. Құрметті әріптестер, қымбатты достар! Бүгін біз халықаралық аренадағы және өңірдегі ахуал туралы пікір алмасып, оның ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне әсерін бағалауымыз керек, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, бүгінгі сессияда ұйымға Қазақстан төрағалық еткен кезеңде атқарылған жұмыстар қорытындыланады.

ҰҚШҰ қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша бірқатар консультация өткізілді. Сессияаралық кезеңде бірқатар маңызды құжат қабылданды. Олар халықаралық ынтымақтастық, қорғаныс саласындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ ұжымдық қауіпсіздіктің ағымдағы сын-қатерлер мен қатерлерге қарсы тұру мәселелерін қамтиды. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге дайындыққа ерекше назар аударылды. Бүгін бізге Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің тиісті мәлімдемесі ұсынылады. Жалпы, Қазақстан Республикасының төрағалығы кезінде ҰҚШҰ алдында тұрған барлық міндеттер орындалды. Біздің басымдықтарымызды жүзеге асыруға қолдау көрсеткеніңіз және бірлескен жемісті жұмысыңыз үшін зор алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер, -  деді Мемлекет басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға