Жаңалықтар

Тоқаев Қаратал тарихи-өлкетану музейіне барды

Тоқаев Қаратал тарихи-өлкетану музейіне барды
Фото: Ақорда 27.10.2023 12:23 1098

Мемлекет басшысы Қаратал тарихи-өлкетану музейін аралап көрді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Президент аудан орталығы – Үштөбе қаласындағы Қаратал тарихи-өлкетану музейіне барды. Музей биыл пайдалануға берілген.

Жалпы ауданы 2520 шаршы метр болатын қос қабатты ғимаратта өлке тарихына қатысты 350-ге жуық экспонат қойылған.

Мемлекет басшысына музейдегі археологиялық артефактілер, этнографиялық жәдігерлер көрсетіліп, Қаратал ауданының тарихы және жазушы Кемел Тоқаев, Қазақ ССР халық әртісі Бикен Римова, осы өңірден шыққан ақын-жыраулар, би-шешендер мен елге еңбегі сіңген басқа да тұлғалар туралы тың деректер таныстырылды.

Президент музейде жергілікті зиялы қауым өкілдерімен жүздесу барысында мұражайды аралап шыққанын және ондағы жәдігерлерді көбейту керектігін атап өтті. Сондай-ақ қоғам дамуы үшін мұндай мәдени нысандардың қажет екеніне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаратал тарихи-өлкетану музейін аралап көргеннен кейін, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Тоқаев Қаратал тарихи-өлкетану музейіне барды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға