Тоқаев Путиннің шақыруымен Санкт-Петербургке барды

Фото: t.me/aqorda_resmi
Фото: t.me/aqorda_resmi
25.12.2023 18:03
1088
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің басшылары интеграциялық процестерді одан әрі дамытудың басты міндеттері мен негізгі бағыттарын талқылауды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне де қатысады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық екі спортшы әлемдік рейтингте көш бастады