Жаңалықтар

Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорда 06.03.2025 18:09 140

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас достық, тату көршілік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Президенттер сауда-экономикалық ықпалдастық мәселелерін талқылады, соның ішінде бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың табысты жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға