Жаңалықтар

Тоқаев пен Бердімұхамедов Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Тоқаев пен Бердімұхамедов Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
Фото: Ақорда 21.04.2025 17:33 134

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Президенті мен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы түркі тілдес елдерге ортақ ең көрнекті рухани және тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі, ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды.

Мәртебелі меймандар әйгілі ойшылдың рухына тағзым етіп, Құран бағыштады. Сондай-ақ кесенеде жүргізіліп жатқан реставрациялық және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға