Тоқаев Пәкістан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Фото: t.me/aqorda_resmi
Фото: t.me/aqorda_resmi
14.08.2023 10:03
975
Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Пәкістанның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай Премьер-министр Шахбаз Шарифке ізгі тілегін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Астана мен Исламабад арасындағы қарым-қатынастың достық сипатта екеніне назар аударып, екі ел халықтарының игілігі үшін екіжақты байланысты одан әрі дамыта түсуге дайын екенін білдірді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Риддерде 10 жастағы жоғалған қыз табылды
Келесі жаңалық
Наурызнама онкүндігі: Жаңаөзен тұрғындары ағаш отырғызды