Тоқаев Өзбекстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Фото: Akorda.kz
Фото: Akorda.kz
01.09.2023 09:05
667
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Шавкат Мирзиёевті және Өзбекстан халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Біздің халықтарымыздың түпкі мүдделерін, ғасырлар бойғы достық және тату көршілік дәстүрлерін негізге ала отырып, қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайтуға басымдық беремін. Біз ортақ күш-жігерді біріктіре отырып, бауырлас халықтарымыздың өркендеуі және Орталық Азияның тұрақтылығы мен игілігі үшін көпжақты ынтымақтастықтың орасан зор әлеуетін жүзеге асыра алатынымызға сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Биыл мектепке баратын жұлдыздардың балалары