Жаңалықтар

Тоқаев Орталық Азияның су-энергетика ресурстарын тиімді пайдалануды ұсынды

Тоқаев Орталық Азияның су-энергетика ресурстарын тиімді пайдалануды ұсынды
Фото: t.me/aqorda_resmi 15.09.2023 13:55 856

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесі отырысында су-энергетиканы пайдалануға қатысты ұсынысын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аймақтағы барлық елдің ирригация, гидроэнергетика және экология салаларындағы мүдделерін ескере отырып, Орталық Азияның су-энергетика ресурстарын тиімді пайдалану үшін ұзақ мерзімді әрі орнықты аймақтық ынтымақтастық механизмін құру. Біздің ойымызша, Халықаралық су-энергетика концорциумы осындай механизмнің рөлін атқара алар еді, - деді Президент.

Сондай-ақ Арал теңізі бассейніндегі су ресурстарын есепке алатын, мониторинг жасайтын, басқаратын және бөлетін бірыңғай автоматтандырылған жүйе енгізу бойынша жұмыс жоспарын әзірлеу керегін атап өтті.

Бұл бастаманың жүзеге асырылуы аймақтағы суды пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етіп, Орталық Азия елдерімен арадағы диалогты және достықты нығайтуға ықпал етеді, - деді Тоқаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға