Тоқаев Оман Сұлтанына құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Akorda.kz
Фото: Akorda.kz
18.11.2023 11:12
919
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саидті Оман Сұлтандығының төл мерекесі – Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінде Оман – саяси тұғыры берік, экономикасы қарыштап дамыған халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Аймақтық бірлікті, тұтастық пен бітімгерлікті ту еткен еліңіз Сіздің басшылығыңызбен алдағы уақытта да игі мақсат-мұраттарға жете беруін тілеймін, – делінген құттықтау жеделхатта.
Президент Оман Сұлтанының аса жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас Оман халқына құт-береке тіледі.
Бөлісу:
