Жаңалықтар

Тоқаев Назарбаевтың астананы ауыстыру туралы бастамасына пікір білдірді

Тоқаев Назарбаевтың астананы ауыстыру туралы бастамасына пікір білдірді
Фото: Akorda.kz 05.07.2023 10:53 1316

Президент Астананың 25 жылдық мерейтойына арналған бауырлас қалалар форумына қатысып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Тоқаев бұл бастаманы жүзеге асыру оңай болмағанын, қиын кезеңде Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі маңызды болғанын атап өтті.

Өздеріңізге мәлім, елорданы көшіру оңай болған жоқ, қомақты жұмыс істелді. Бұл шешім өте күрделі кезеңде қабылданды. Ел экономикасы тоқырауда болды. Жұрт нарықтық қатынастарға толық бейімделмеген кез еді, - дейді Тоқаев.

Ол осындай қиын жағдайда Жоғарғы кеңес тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша Астананы Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Бас қаламыз ресми түрде 1997 жылы 10 желтоқсанда көшірілді. Ал осыдан 25 жыл бұрын 6 мамырда Ақмола атауы Астана болып өзгертілді деп атап өтті.

Тоқаев бұл шешім геосаяси тұрғыдан да өте дұрыс қадам болғанын тілге тиек етті. Сол үшінде тұңғыш президенттің еңбегі лайықты бағалануы қажеттігін еске салды. 

Бұл – халқымыздың болашақ тағдырын айқындаған аса маңызды және дер кезінде қабылданған тарихи шешім. Тұңғыш Президенттің осы бастамасы жаңа ұлттық идеяға айналды. Бұл шешім еліміздің, халқымыздың ұлттық мүддесіне сай келгеніне ешқандай күмән жоқ. Сондықтан бәріміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл саладағы еңбегіне лайықты, әділетті баға беруіміз керек, - деді Мемлекет басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға