Тоқаев мұқтаж адамдарға қамқорлық танытатын барша азаматтарға алғыс айтты

Фото: Akorda.kz
Фото: Akorda.kz
05.12.2023 10:16
886
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық волонтер күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін – Халықаралық волонтер күні. Біз өзгеге қол ұшын беретін жандарды әрдайым құрметтейміз. Еріктілер мейірімділік пен сүйіспеншіліктің, тілектестік пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. «Адал азамат» тұжырымдамасының тірегі – осы мызғымас құндылықтар. Қоғамға пайдалы іс-шараларға атсалысатын, қайырымдылық жобаларын жүзеге асыратын және мұқтаж адамдарға қамқорлық танытатын барша азаматтарға алғыс айтамын. Сіздердің жасампаздыққа толы қызметтеріңіз – шынайы отаншылдықтың көрінісі. Мемлекет волонтерлерге қолдау көрсете береді, – деп жазды Президент өзінің Х парақшасына.Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Волонтер жылы деп жариялап, «Еріктілер – өзгенің мәселесін өз ісіндей көретін жүрегі кең, ниеті дұрыс жандар»-деген тамаша баға берді.
Бөлісу:
