Тоқаев мемлекеттік сапармен Моңғолияға барады
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
26.10.2024 13:04
557
28-29 қазан күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы Президент Ухнаагийн Хурэлсухпен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен және Премьер-министр Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэмен кездеседі.
Сапар аясында бірқатар маңызды екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өңірлерде Республика күнінде жаңа білім беру нысандары ашылды
Келесі жаңалық
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды