Мемлекет басшысы Куба Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудес пен кубалықтарды осы елдің ұлттық мерекесі – Революцияның салтанатты жеңісі күнімен құттықтады.
Президент екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен сенім рухында дамып келе жатқан ынтымақтастық бірлескен күш-жігер арқылы одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудестің жауапты қызметіне толайым табыс, ал Куба халқына бақ-береке тіледі.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қостанай облысында қар құрсауында қалған жүргізуші құтқарылды
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті