Тоқаев Костенко атындағы шахтаның электр слесарін марапаттады
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
06.05.2024 09:17
604
2024 жылғы 6 мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Костенко атындағы шахтаның жерасты учаскесінің электрикін марапаттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен жанкешті және жемісті еңбегі үшін «Qarmet» акционерлік қоғамының Костенко атындағы шахтасының жерасты учаскесінің электр слесарі Айбар Бекболатұы Қосанов ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен наградталды.
Айта кетейік, 2024 жылдың 2 мамырында Айбар Қосановтың шахтадағы өрттің алдын алғаны белгілі болды. Одан кейін 190-ға жуық кеншілерді эвакуациялауға тура келді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жайық өзенінен шыға алмай қалған 65 жылқы құтқарылды
Келесі жаңалық
Бразилияда автобус апатынан қаза тапқандар саны 38-ге жетті