Жаңалықтар

Тоқаев Конго Республикасының жастарын Қазақстанда жоғары білім алуға шақырды

Тоқаев Конго Республикасының жастарын Қазақстанда жоғары білім алуға шақырды
Фото: Ақорда 02.08.2024 13:54 500

Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Конго Республикасының президенті Дени Сассу-Нгессо кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана мен Браззавиль арасында мәдени-гуманистарлық байланыс орнату өте маңызды. Мен Конго жастарына Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алуды ұсындым. Бұл ынтымақтастықты нығайта түсері сөзсіз. Екі елдің халықаралық және аймақтық деңгейде тұтас қатынас орнатқан көптеген өзекті мәселеге қатысты ұстанымдары ортақ. Жаһандық және өңірлік құрылымдар аясында ықпалдастығымыз артып келеді. Қазіргі геосаяси жағдайда БҰҰ және Африка одағы аясында өзара қолдау көрсету және консультациялар өткізу аса маңызды, - деді Тоқаев.

Сонымен қатар мемлекет басшысы жаһандық және аймақтық қауіпсіздікке қатысты пікір алмасқандарын айтты.

Қазір ең өзекті мәселенің бірі – климаттың өзгеруі. Біз осы қатерді бірге бөлісіп, тығыз жұмыс істеуге келістік. Мен Конго басшысының орман өсірудің және орманды қалпына келтірудің жаһандық 10 жылдығын жариялау туралы бастамасын қолдаймын. Шын мәнінде Дени Сассу-Нгессо мырзаның елімізге сапары үлкен тарихи маңызға ие. Бұл сапар Қазақстан мен Конгоның қарым-қатынастарына тың серпін береді деп санаймын. Сонымен қатар Орталық Азия мен Африка арасындағы ынтымақтастықты нығайта түсуге ықпал етері сөзсіз. Біз бір-бірімізді қолдап, табысқа бірге жетерімізге сенемін, - деді президент.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға